Халықаралық автомобиль федерациясы (FIA) «Формула 1» автомобильдер класындағы жарыстар бойынша әлем чемпионаты маусымның 5 шілдеде басталуын мақұлдады. Бұл туралы The Judge 13 порталы хабарлады.
Дереккөз ақпараты бойынша «Формула 1» басшылығы жұма күні FIA-дан тиісті хабарлама алған. Аустрия қатарынан екі кезеңді қабылдайды деген болжам бар. Жарыстың бірінші кезеңі 5 шілдеде, ал екіншісі - 8 немесе 9 шілдеде өтуі мүмкін. Ізінше екі кезең Ұлыбританияда (19 және 23 шілдедегі жарыстар) өтеді. Бәсеке - көрермендерсіз, автодромға трансляцияны қамтамасыз ететін телевизиялық бригадалар ғана жіберіледі.
«Әрбір команда жеке отельде орналастырылатын болады. Командаларға әдеттегідей шектеулер қойылады», дейді «Формула 1» командаларының біріне жұмыс жасайтын The Judge 13 дереккөзі.
Коронавирус пандемиясына байланысты «Формула 1» күнтізбесі айтарлықтай өзгерістерге ұшырады.
Бұдан бұрын Аустралиядағы, Монако және Франциядағы Гран-при өткізілген жоқ, сондай-ақ Бахрейндегі, Вьетнамдағы, Канададағы, Қытайдағы, Нидерландыдағы, Испаниядағы, Әзербайжандағы кезеңдер белгісіз мерзімге шегерілді.
Ресейлік кезең 25-27 қыркүйекке жоспарланып отыр.