25 мау, 2020 сағат 12:07

Flydubai Қазақстанға рейс ашады

Flydubai 7 шілдеден бастап Қазақстанға рейстерді қайта бастайды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" компанияның Facebook ресми парақшасына сілтеме жасап.

Әуе тасымалдаушы шілдеден бастап 24 қалаға, оның ішінде Нұр-Сұлтан, Алматы, Тбилиси, Ереван, Киев, Прага және Бакуге рейс ашады.

Компания басшылығының айтуынша, басқа бағыттарға жаңа әрі жиі ұшатын рейстерді ашу жоспарланған.

"Жаз бойы рейс санын 66-ға дейін жеткізуді жоспарладық. Әрине, бұл елдердің халықаралық тасымалдарға шекарасын ашуына байланысты болады", - деді Flydubai коммерциялық директоры Хамад Обайдалла. 

Бұған дейін Дубайға 7 шілдеден бастап туристер кіре алатыны хабарланды. Қала әуежайының ресми сайтында әуе рейстерінің кестесі және визаға қатысты ақпарат бар.

Ұшу алдында жолаушылар денсаулығы туралы арнайы қағазды толтырып, медициналық сақтандыруды рәсімдеу керек.

Сондай-ақ 96 сағат бұрын коронавирусты анықтайтын ПТР тест тапсыру керек.

IATA ресми сайтында елдегі шектеу шаралары туралы алдын ала танысу ұсынылады.