Мәскеу қаласындағы «Кеңестер қанаты» спорт кешенінде кәсіпқой бокс кеші өтіп жатыр. Онда қазақстандық спортшы Фируза Шәріпова (11-1, 6 КО) өнер көрсетті, деп хабарлайды Sports.kz сайты.
Шәріпова сербиялық Сара Марьяновичпен (7-7, 3 КО) айқасты. Сегіз раундқа есептелген жеңіл салмақтағы жекпе-жек төрешілердің бірауызды шешімімен қазақстандық боксшының жеңісімен аяқталды.
Осылайша, Фируза Шәріпова профи-рингтегі 12-інші жеңісіне қол жеткізді. 26 жастағы спортшымыз үшін бұл – 2020 жылғы екінші айқас. Бұған дейін ол тамыз айында Танзания өкілі Хэппи Даудиді (9-7-1, 4 КО) бесінші раундта нокаутқа жіберген болатын.