18 қаз, 2018 сағат 17:03

Финляндияда Елбасы сапарының нәтижесінде 23 келісімге қол қойылды

Финляндияда Мемлекет басшысы сапарының қорытындысы бойынша $545 млн сомасына 23 келісімге қол қойылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" primeminister.kz порталына сілтеме жасап.

16-17 қазанда ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Финляндия Республикасына ресми сапармен барды. «Kazakh Invest» ҰК Мемлекет басшысының сапары аясында қазақстандық-финдік іскерлік қабылдау ұйымдастырды. Шара қорытындысы бойынша $545 млн сомасына 20-дан астам коммерциялық және коммерциялық емес құжатқа қол қойылды.

Қазақстандық-финдік іскерлік қабылдау барысында екі елдің бизнесмендері тікелей байланысты реттеу және нақты уағдаластықтарға қол жеткізу мүмкіндігіне ие болды. Сонымен, қабылдау аясында $545 млн сомасына 23 екіжақты коммерциялық және коммерциялық емес құжатқа қол қойылды.

ҚР Үкіметінің басшылығы және Солтүстік инвестициялық банк арасында Шекті келісім жасалды, ол ҚР аумағында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік қағидаты бойынша жобаларды қаржыландыруға, капитал салу (инвестициялар, корпоративтік және тәуелсіз қарыз, банктік кепілдіктер) технологиялар трансферті үшін жағдай жасауға бағытталады.

«Kazakh Invest» ҰК басқарма төрағасы Сапарбек Тұяқбаев инженерлік жабдықты өндіру бойынша жобаны іске асыру туралы Kazakh Invest пен Koja компаниясы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Сондай-ақ, Kazakh Invest пен құрамына бірқатар финдік компаниялар (Kone Corporation, Wartsila, Stora Enso, Kesko, Nokia Corporation) кіретін Финдік өнеркәсіпшілер конфедерациясы арасындағы ынтымақтастық және өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Диалог барысында Конфедерация Қазақстан Республикасының аумағында жобаларды іске асыруға мүдделілік танытты.

2018 жылғы қазанда «KTZ Express» АҚ мен Nurminen Logistics арасындағы контейнерлік тасымалдарды дамыту туралы келісім аясында тараптар Ресей және Қазақстан аумағы арқылы Финляндия мен Қытай арасында тұрақты тасымалды іске қосуға ниетті. Бұл уағдаластық теңіз көлігі орнына темір жолмен контейнерлерді тасымалдауға мүмкіндік береді және Финляндиядан Қытайға дейінгі жол уақытын қысқартуға ықпал етеді.

ҚР Энергетика министрлігі мен Wаrtsilа компаниясы Түркістан қаласында қуаттылығы 50 МВт бу-газды қондырғы салу мүмкіндігін қарауға ниеттестік туралы меморандумға қол қойды. Қазақстандағы компаниялардың іске асырған жобаларының арасында - 2015 жылы пайдалануға берілген Ақтөбе рельсбелағаштық зауытына арналған электр стансасы, сондай-ақ Маңғыстау облысындағы «ҚазАзот» зауытына арналған электр стансасы бар.


Финдік өнеркәсіпшілер конфедерациясы - Финляндияның жетекші құрылымы, ол бизнес пен компаниялардың барлық секторларын қамтиды. Конфедерация құрамына кіретін компаниялар мен кәсіпорындар 70% ЖІӨ және Финляндияның 95% экспортын шығарады. 980 мың адам жұмыс істейтін 16 мың кәсіпорын мен фирманы біріктіретін 27 салалық мүшелік ұйымдары бар. Конфедерация басқармасының мүшелері Kesko Corporation, Lappset Group Oy, Kone Corporation, Metsa Group, OP-Pohjola Group, Orion Corporation, Elisa Corporation, Nokia Corporation секілді компаниялардың басшылары.

Koja компаниясы қоршаған ортаға минималды жүктемемен желдеткіштік жүйелерді құру бойынша энергия тиімді шешімдерді әзірлеумен айналысады. Бүгінде әлемде түрлі өнеркәсіптік мақсатта Koja фирмасының 20 мыңнан астам желдеткіші пайдаланылуда. Koja компаниясының жабдығы энергетикалық сектор, целлюлоза-қағаз өнеркәсібі, мұнай химиясы кешені, металлургиялық және тау-кен өнеркәсібі кәсіпорындарында пайдаланылады.

Nurminen Logistics - жоғары сапалы логистикалық қызметтер, оның ішінде темір жол тасымалы, жобалық жүктер тасымалы, сондай-ақ жүктерді өңдеу және жөнелту бойынша қызметтерді қамтитын финдік компания. Компания бөлімшелерінің желісі транзиттік контейнерлік тасымалдау бағдары бойынша логистика үшін маңызды Финляндия мен Ресейдің тораптық нүктелерін қамтиды.

Солтүстік инвестициялық банк - Скандинавия және Балтық елдерінің ірі несиелік-қаржылық институты. Банктің негізі Хельсиникиде штаб-пәтерімен 1975 жылы қаланған. Банк Солтүстік Еуропада да (инфрақұрылымға, экологияға, білім саласына инвестициялар салу), одан тыс жерлерде де (Солтүстік Еуропа елдері компанияларының серіктес-фирмаларына жәрдемдесу) мүше елдер үшін мүдделілікті қамтитын жобаларды қаржыландырады. Банктің оның жарғылық капиталынан 250%-ға дейін асатын ұзақмерзімді қаржы ресурстарын бөлу және кепілдік беру құқығы бар.

Wаrtsilа - кемелік энергетикалық қондырғыларды, электр станцияларын, бұрандалы механизмдерді, кемені басқару жүйесін шығаруға және басқа да жабдықтар өндірісіне маманданған. Компанияның негізі Хельсиники қаласындағы штаб-пәтерімен 1834 жылы қаланған. Қазіргі уақытта комания штаты 70 елде 160 өкілдікте жұмыс істейтін 19 мың қызметкерден тұрады. Компания қызметі үш бағытқа бөлінген - электр станцияларын (34%), кемелік энергетикалық қондырғыларды шығару (26%) және сервистік қамтамасыз ету (40%).