19 қаз, 2019 сағат 10:18

Финляндия ауылында туған әр балаға 10 мың еуро төленбек

Финляндияның Лестиярви ауылы демографиялық проблемамен күресу үшін бір балаға 10 мың еуро жәрдемақы төлеуді қолға алған, деп жазады ВВС.

«2012 жылы бұл ауылда бір бала дүниеге келген. Халық санының азайып жатқанына алаңдаушылық білдірген билік жаңа туған әр балаға 10 мың еуро төлеу туралы шешім қабылдаған. Бұл бағдарлама жүзеге асырылып жатқан алты жылда бала туу көрсеткіші артып, биыл ауылда 14 бала дүниеге келген» деп жазады автор.

Оның айтуынша, жәрдемақы 10 жыл бойы бөліп төленеді.

«Дегенмен, жәрдемақы тоқтаған соң ауылдан қайта көшіп кететін халық көп», - дейді автор.

Айта кету керек, Финляндия халқының орташа жасы бойынша әлемде көш бастап тұрған мемлекеттердің бірі.