Фото: FIFA
Трофей әйгілі Tiffany&Co зергерлік брендімен бірлесіп жасалған. Келесі жылы жаңа форматта өтетін футболдан клубтық әлем чемпионатының жеңімпаздарына беріледі.
Жаңа кубок 24 караттық алтынмен қапталған. Трофейде әлем картасының гравюралары, ФИФА-ға мүше барлық 211 бірлестіктің атаулары, футбол элементтерінің лазерлік суреттері және 13 тілдегі жазулар, соның ішінде Брайль шрифті де бар. Сонымен қатар турнирдің 24 болашақ жеңімпаз клубының эмблемаларын ойып жазуға орын қарастырылған.
Турнир 2025 жылдың 15 маусымы мен 13 шілдесі аралығында АҚШ-тың 12 стадионында өтеді.