Танымал қазақстандық Telegram-арналардың бірінде COVID-19-ға қарсы вакцина түрінде адамдарға «иммун тапшылығы егіледі» деген сыбыс тарады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" stopfake.kz сайтына сілтеме жасап.
Telegram-да таратылған хабарламада COVID-19-ға қарсы вакциналар цитокиндік дауыл тудырып, иммунитетті әлсірететіні сонша, тіпті жай суық тиюдің өзі өлімге әкелуі ықтимал болатыны айтылған. Бұған ешқандай дәлел жоқ.
Ол ішінара пандемиялық тұмауды модельдеудің ғылыми тобы (SPI-M) жасаған пандемияның даму моделіне негізделген. Мамандар оны құрай отырып, шектеу шаралары мен оларды жоюдың пандемия кезіндегі әсерін түсінуге тырысты. Сценарийлердің бірі, егер карантиндік шаралар алынып тасталса, биыл күзде аурушаңдық артатынын көрсетті. Бұл модельде халық арасында вакцинация көрсеткіштері ескерілді. Алайда, кейбір Желі пайдаланушылары модельді дәл болжамдар деп қабылдады. Бұл туралы толығырақ жазған болатынбыз.
Демек, егілген адамдар күзде маусымдық инфекциялардан өле бастайды деген теория ойдан шығарылған. Ол манипуляциялық хабарламалар мен қастандық теорияларына негізделген. Бүгінгі таңда қолда бар деректер вакцинация деңгейі жоғары елдерде COVID-19 ауыр жағдайларының саны күрт төмендегенін дәлелдейді. Вакцинаның иммунитетті басып, цитокиндік дауыл тудыратынына ешқандай дәлел жоқ.