21 қар, 2018 сағат 15:04

Фархад Қуанғанов. Ізденушілерге арналған ең күшті мотивация

Бүгін Елбасының "Ұлы даланың жеті қыры" атты мақаласы жарық көрген болатын. Осы мақалаға байланысты «Нұр Отан» партиясының Хатшысы Фархад Қуанғанов өз пікірін білдірді.

«Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында Н.Ә.Назарбаев өзін қазақтардың тарихи жүріп өткен жолын дәйекті түрде көрсете отырып, қазақ халқының әр кезеңдегі тарихи мұраларын бір арнаға тоғыстыра білген, интеллектуалды, кең ауқымды рухани Көшбасшы ретінде көрсетіп отыр.

Даңқты бабалар мен көне тарихтың ұлылығын сезіну - әр қазақтың бойында бар. Бұл сезім - қазақтың дүниетанымының, ұлттық кодының мызғымас бір бөлшегі. Елбасы мақаласы осы жайтты тарихи деректермен, жетістіктермен дәлелдейді.

Бұл түркі дүниесінің әлем өркениетіне қосқан үлесі жайлы айтылған пікірлердің шыңы екенін атап өту керек.

Шетелдік ғылым соңғы онжылдықта түркілердің өркениет жолындағы жетістіктері жайлы үлкен мағлұмат жинады. Қазіргі тарихшылар Әл-Фарабисіз, Ұлықбексіз, Бирунисіз қазіргі математиканы, астрономия мен косметологияны, Ибн-Синасыз қазіргі медицинаны елестету мүмкін еместігін айтады. Шойын болатты өндіру де ең алғаш Орталық Азиядағы Алтай тауында басталған. Әлемдегі ең үздік мақта және жібек маталар да Орталық Азиядағы ортағасырлық қалаларда шығарылған.

Әлемдік ғылым Орталық Азия аймағын қазіргі өркениет дамуының бірден бір тарихи орталығы деп бағалайды. Орталық Азияның дамуының ортағасырлық дәуірі тарихтағы ең ірі қалалар мен кітапханалар, обсерваториялар мен философиялық, технологиялық мектептерді қалыптастырды. Тарихтағы ірі инженерлік және суару қондырғылары Орталық Азияда орналасқан. Түрлі этностардың мәдениеті мен дінінің қайнаған қазаны болды. Исламдағы ең көрнекті есімдердің бірі – Әл-Бұхари де Орталық Азияда туыпты.

Елбасымыздың ата-бабаларымыздың өркениеттік әлемнің дамуына қосып келе жатқан тарихи үлесін жаңғыртуға бағытталған ірі жобалары қазіргі қазақстандықтардың, әсіресе, жас ұрпақтың рухани жаңаруы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға зор ықпал етеді.

Мен өзімізді қазір асқар шыңдарға жетелеп, күш беретін алпауыт ата-бабаларымыздың иығында тұрғандай сезінемін.

Бұл дамудың экономика, өнеркәсіп, ғылым және технология, мемлекет, медицина және білім беру, әлеуметтік даму және әлеуметтік жаңғыру сияқты салаларындағы талантты ізденушілерге арналған ең күшті мотивация.

Шығармашылық интеллигенция – ғалымдар, тарихшылар, саяси қайраткерлер, ойшылдар, журналистер, жазушылар мен ақындар Мемлекет басшысының жаңа бастамаларына жауап беріп, қолдау көрсететініне сенімдімін.