02 нау, 2025 сағат 14:47

Фактчекинг: Зеленский америкалықтарға және АҚШ басшыларына кемінде 33 рет алғыс айтты – CNN

Фото: Скриншот

Жұма күні Ақ үйдегі кездесуде президент Трамп пен вице-президент Вэнс бұрын білдірілген алғысқа қарамастан, бәрібір украиналық президентті "жеткілікті алғыс білдірмеді" деп айыптады.

CNN басылымының жазуынша, Зеленский 2022 жылдан бері АҚШ-тың Украинаға көрсеткен көмегі үшін тұрақты түрде алғыс білдіріп келеді.

Айта кетейік, даулы кездесуден кейін де ол АҚШ-қа, Конгреске және ел халқына ризашылығын білдіріп, Украинаның әділетті бейбітшілікке қол жеткізу жолында жұмыс істеп жатқанын атап өтті. Бұған дейін де, 2025 жылдың 12 ақпанында, украиналық президент АҚШ басшысына алғыс айтқан болатын.

Ал бұрынғы алғыс ескерілмесе, жаңа алғысты сұраудың қажеті бар ма – бұл риторикалық сұрақ.