17 қаң, 2019 сағат 13:34

Facebook саяси жарнамалар ережесін қатаңдатпақ

Facebook компаниясы 2019 жылы сайлау өтетін Үндістан, Нигерия, Укрина және ЕО елдерінде саяси жарнама берудің ережесін қатаң бақыламақ. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады.

Facebook компаниясының жаһандық саясат ісі жөніндегі бөлімнің директоры Кэти Харбарттың айтуынша, Нигерияда 16 ақпан күні болатын сайлауға байланысты саяси жарнаманы сәрсенбіден бастап әлеуметтік желіге сол елде тұратын адамдар ғана жариялай алады. Мұндай шара сайлау өтетін өзге елдерде де қолға алынбақ.

«Facebook ірі әлеуметтік медиасервиске айналғалы, 2016 жылдан бастап саясаткерлер мен олардың қарсыластарының жалған ақпар, үгіт насихаттарын тарататын алаңға айналды. Мұндай жарнамаларды сатып алу арқылы Facebook аудиторияны кеңейте түсуі мүмкін, дегенмен ондай жайттар сайлау ережесі мен компания саясатына нұқсан келтіруі мүмкін», - дейді ол.

Бұған дейін Facebook АҚШ-ғы саяси даудың ортасында қалған болатын. Сайлау алдында Cambridge Analytica фирмасының Дональд Трамппен ымыраласа отырып 50 млн Facebook қолданушысының деректерін заңсыз алғаны БАҚ-та жарияланған болатын.