Facebook компаниясы коронавирусқа қарсы вакцина туралы жалған ақпаратты таратуға байланысты жаңа ережені енгізу жөнінде шешім қабылдады. Енді вакцина туралы теріс фактілерден тұратын кез келген ақпарат Facebook және Instagram әлеуметтік желілерінен өшіріледі, деп хабарлайды Business Insider басылымы.
Дүйсенбі күні компания «вакцина» сөзімен қатар қолданылып, теріс ақпарат ретінде есептелетін сөздер тізімін жаңартты.
Тізім «уландырғыш», «зиян», сондай-ақ «аутизмнің дамуына септігін тигізеді» деген сияқты сөздермен толықты.
Компания вирус туралы жалған ақпаратпен ақпан айының басынан бері күрес жүргізе бастаған.
COVID-19 қарсы вакцинаның «адам өлтіре алатын» немесе «денсаулыққа күрделі зиян келтіре алатын», «аутизмнің немесе бедеуліктің дамуына септігін тигізе алатыны», «РНК-ны адамды маймылға дейін өзгерте алатындай өзгертетіні» сияқты мәтіндерден тұратын посттардың Facebook желісінің барлық платформаларынан жойылатыны туралы хабарланып отыр.
Сондай-ақ «екпе салдырғаннан гөрі, вируспен ауырып шыққан әлдеқайда қауіпсіз» және «екпе адамдардардың кей топтары үшін қауіпті екені» жайлы теріс ақпарат жойылады.
Сондай-ақ сайттан вакцина әзірлеу және олардың тиімділігі туралы фейк мәліметтер алынып тасталады.
Компания жалған ақпарат ретінде есептелетін сөздер тізімін жасамас бұрын, ДДСҰ және денсаулық сақтау саласындағы тағы басқа алдыңғы қатарлы ұйымдармен әңгіме жүргізілгені туралы хабарланғанын атап өтті.
2021 жылы Facebook компаниясы денсаулық сақтау саласындағы мәселелермен айналысатын жетекші мамандар және миллиардтаған адамдарды иммундауда жұмылдырылған ресми тұлғаларға қолдау көрсетуге ниетті екені жайында атап өтілді.
Еске сала кетейік, былтыр қазан айында компания QAnon-ның астыртын сөз байласуы теориясымен байланысты парақшалар мен топтарды бұғаттаған еді.