25 қар, 2020 сағат 18:33

Еуропаның бірнеше елі жаңа карантин шараларын қабылдауда

Еуропаның бірнеше елі коронавирустың таралуына байланысты жаңа шаралар қабылдауда, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ведомствоаралық комиссияның telegram каналына сілтеме жасап.

Ұлыбританияда 15 желтоқсаннан бастап COVID-19-ды жұқтыру қаупі жоғары елдерден келген адамдарды коронавирус инфекциясына тестілеудің жаңа жүйесі жұмыс істей бастайды. Міндетті өзін-өзі оқшаулау мерзімі тест нәтижесі теріс болған жағдайда бес күнге дейін болады. 

Швецияда шектеу шаралары күшейтілуде. Сейсенбіден бастап ел тұрғындарына 8 адамнан артық жиналуға тыйым салынды, жерлеу рәсіміне 20 адамнан артық қатысуына рұқсат етілмейді.

Италияда соңғы тәулікте 853 адам коронавирус инфекциясынан қайтыс болған. Ел үкіметі алдағы мерекелерден кейін COVID-19-дың үшінші толқынын болдырмау мақсатында алдын алу шараларының жоспарын дайындауда.