Еуропалық кеңестің президенті Шарль Мишель 27 қазанда Қазақстанға ресми сапармен келеді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Сапар бағдарламасында өзара мүддені көздейтін мәселелерге қатысты екіжақты келіссөз жүргізу қарастырылған. Сондай-ақ, осы күні Астанада Орталық Азия мемлекеттері басшылары мен Еуропалық Кеңес президентінің кездесуі жоспарланып отыр", - делінген хабарламада.