02 нау, 2025 сағат 14:41

Еуропа көшбасшылары Украинаға жаппай қолдау білдірді

Фото: Bbc.com

Вашингтонда Дональд Трамп пен Владимир Зеленский кездесті. Бірақ Ақүйде өткен кездесуде тараптар қызу пікір таластырып, соғысты тоқтату және Украинаның табиғи ресурстарын пайдалану бойынша келісімге келе алмады.

Конфликтінің басталуына АҚШ-тың вице-президенті Джей Ди Вэнстің Зеленскийді «құрмет көрсетпеді» деп сынға алуы түрткі болды. Ал Трамп  «Украина лидері III Дүниежүзілік соғыспен ойнап жатыр»  деп айыптады. Пікірталастардан соң келіссөздер уақытынан бұрын аяқталып, Зеленский Ақүйден кетіп қалды. 

Дональд Трамптың мәлімдемелерінен кейін Еуропа лидерлері жаппай Украина президентіне қолдау білдірді. Олардың арасында Германия, Испания, Франция, Польша көшбасшылары бар.