12 шіл, 2021 сағат 12:18

Еуропа чемпионаты: Доннарумма - турнирдің үздік ойыншысы


Футболдан Еуропа чемпионатының үздік ойыншысы анықталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

UEFA бүкіл ойыншылардың мүмкіндігін сараптай отырып бұл атаққа Италия құрамасының қақпашысы Джанлуиджи Доннарумма лайық деген қорытындыға келді. 

Қақпашы өзінің небәрі 22 жаста екеніне қарамастан ұлттық құрама сапында 33 кездесуде жасыл алаңға шығып үлгерген. 

Ол биылғы құрлықтық дода финалындағы пенальти сериясында екі соққыны қайтарды. 

Осылайша Италияның Англияны жеңуіне үлес қосып, жеңімпаз тұғырынан көрінді. 

Айта кетейік, Джанлуиджи Доннарумма Еуропа чемпионатында өз құрамасының негізгі қақпашысы болды. 

Тек топтық кезеңдегі Уэльспен өткен жеңісті ойын соңында оны әріптесі Сальваторе Сиригу алмастырды. 

Ол құрлықтық додада 719 минут жасыл алаң төрінен көрінді. Бұл - аталған турнирге қатысқан барлық футболшыдан жоғары көрсеткіш.

Сондай-ақ, ол топтық кезеңде өзінің қақпасына бір де бір гол жіберген жоқ.