29 мау, 2021 сағат 00:41

Еуропа чемпионаты: Испания овертаймда Хорватиядан басым түсті


Футболдан Еуропа чемпионатының ширек финалына жолдама алған бесінші құрама анықталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Дүбірлі доданың 1/8 финалындағы бесінші кездесуде Хорватия мен Испания жасыл алаңға шықты. 

Екі құрама бұған дейін 8 мәрте кездесті. Оның 4-де Бельгия басым түсіп, 3-де Португалияның мерейі үстем болды, қалғанында тең нәтиже тіркелді. 

Бүгінгі ойында қос құрама да жеңіске жетуге бар күш салды. Десе де алғашқы сәттерде испандар жинақы қимыл көрсетті. Ойынның 20-минутта испаниялық Педри автогол авторы атанды. Одан кейін Испания құрамасынан Пабло Сарабия 38, Сесар Аспиликуэта 57, 

Ферран Торрес 76-минуттарда есепті үстемелей түсті. 

Ал Хорватия құрамасынан Ислав Оршич 85, Марио Пашалич 92-минутта гол соғып, таразы басын теңестірді. 

Осылайша негізгі кезеңде 3:3 есебі тіркеліп, ойын овертаймға ұласты. Овертаймда испаниялық Альваро Мората 100, 

Микель Оярсабаль 103-минуттарда қос гол соғып кетті. 

Аталған кездесуде Испания қарсыласынан 5:3 есебімен жеңіп, ширек финалға жолдама алды. Енді олар 2 шілдеде Франция мен Швейцария жұбының жеңімпазымен шеберлік байқасады. 

Еске салсақ, бұдан бұрын Дания Уэльсті 4:0 есебімен жеңіп, Италия Аустрияны овертаймда 2:1 есебімен тізе бүктірді. Үшінші кездесуде Чехия Нидерландыдан 2:0, одан кейін Бельгия Португалиядан 1:0 есебімен басым түсті . 

Айта кетсек, жарыстың 1/8 финалында енді 28 маусымда Франция мен Швейцария шеберлік байқасады. Ал 29 маусымда Англия мен Германия, Швеция мен Украина жасыл алаңға шығады.