12 мау, 2021 сағат 23:04

Еуропа Чемпионаты: Даниялық футболшы ойын үстінде есінен танып қалды (Видео)


Футболдан Еуропа чемпионатының финалдық сатысында Дания мен Финляндияның кездесуінде даниялық жартылай қорғаушы Кристиан Эриксен жасыл алаңда есін жоғалтып, құлап қалды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Қос құрама арасындағы тартыс Дания астанасы Копенгаген қаласындағы «Паркен» стадионында өтіп жатыр. 

Эриксенге дәрігерлер жасыл алаң үстінде алғашқы медициналық көмек көрсетті. Содан кейін оны арнайы техникамен стадион ішіне алып кетті.



Қазір Дания мен Финляндия матчында уақытша үзіліс. Ойынның әрі қарай жалғасуы жөнінде тиісті шешім қабылданатын болады. 


Аталған доп додасы 2020 жылы 12 маусым мен 12 шілде аралығында өткізілуі жоспарланған. Былтыр әлемді жайлаған коронавирус инфекциясына байланысты ол бір жылға кейін шегерілді. Ойындар дүбірлі дода тарихында тұңғыш рет Еуропаның 10 мемлекетінде орналасқан 11 стадионда болады.