30 мау, 2021 сағат 00:53

Еуропа чемпионаты: Англия Германиядан басым түсті


Футболдан Еуропа чемпионатының ширек финалына жолдама алған жетінші құрама анықталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Дүбірлі доданың 1/8 финалындағы жетінші кездесуде Англия мен Германия жасыл алаңға шықты. 

Екі құрама бұған дейін 17 мәрте кездесті. Оның 7-де Англия басым түсіп, 18-де Германияның мерейі үстем болды, қалғанында тең нәтиже тіркелді. 

Бүгінгі кездесуде екі құраманың да жарысты жалғастыруға мүмкіндігі зор болды. Десе де екінші кезеңнің соңына қарай ағылшын футболшылары жинақы қимыл көрсетті. Нәтижесінде қарсыластар қақпасына екі гол соғып кетті. 

Алдымен Рахим Стерлинг 75-минутта есеп ашса, одан кейін Гарри Кейн 86-минутта ойынның нүктесін қойды. Осылайша Англия қарсыласын 2:0 есебімен тізе бүктіріп, ширек финалға жолдама алды.