Еуропа одағының сыртқы саяси қызметі жөніндегі ресми өкілі Майя Косьянчич Назарбаевтың отставкасы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik.
"Нұрсұлтан Назарбаев 30 жыл бойына конституциялық реформалармен қоса жаңғыру реформаларын жүзеге асырып, алға жылжытты. Ол – бейбітшілік, тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қолғабыс етуге айрықша мән беріп, өңірлік, сонымен қатар жаһандық деңгейдегі ынтымақтастықты дамытуда маңызды рөл атқарған тұлға", - деді М.Косьянчич.
Сонымен қатар шетелдік ресми өкіл Қазақстан Еуропалық одақ үшін осы аймақтағы маңызды әріптес ел болып қала беретінін баса айтты.
"Еуропа одағы үшін осы өңірдегі маңызды серіктестің бірі Қазақстан болып қалады береді. Өйткені ол Орталық Азия елдерінің ішінде ЕО-мен кеңейтілген серіктестік және ынтымақтастық туралы келісімге ең бірінші қол қойған еді. Еуропа одағы Қазақстанның ең бірінші сауда серіктесі әрі инвесторы болып саналады", - деді ол.