03 шіл, 2024 сағат 11:30

Еуро-2024 ширек финалистері анықталды: Кім және қашан ойнайды


Германияда өтіп жатқан футболдан Еуропа чемпионатында барлық ширек финалшылар анықталды. Финалистер қатарында Испания, Германия, Португалия, Германия, Франция секілді елдер бақ сынасады. 

Келесі кезеңнің соңғы қатысушысы болып 1/8-де Аустрияны жеңген Түркия құрамасы тіркелді. Олар Еуро-2024 ширек финалындағы матчта жаңа рекорд орнатты. Түркия президенті команданың еуроның ширек финалына шығуына реакция білдіріп, құттықтады.

Еуро-2024 1/4 финалының матчтарының кестесі (Қазақстан уақыты бойынша):

  • 05.07. 21:00 Испания – Германия
  • 05.07. 23:55 Португалия – Франция
  • 06.07. 21:00 Англия – Швейцария 
  • 06.07. 23:55 Нидерланды – Түркия

Еске сала кетейік, Еуро-2024 Германияда 14 маусым мен 14 шілде аралығында өтеді.