15 шіл, 2024 сағат 10:34

Еуро-2024 чемпионатында Испания жеңіске жетті


Германияда өткен футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионаты аяқталды.

Финалда Испания құрамасы Англияны 2:1 есебімен жеңіп, чемпион атанды.

Испания құрамасы сапында Нико Уильямс пен Микел Оярзабал гол соқты. Ал ағылшындар сапында Коул Палмер көзге түсті.

Айта кетейік, Испания құрамасы Еуропа чемпионатын тарихта төртінші рет (1964, 2008, 2012, 2024) жеңіп алды. Ал Англия Еуро финалында қатарынан екінші рет жеңілді.