17 мау, 2024 сағат 11:03

ЕУРО-2024: Алғашқы матчтың жеңімпаздары анықталды

Фото: Championat.com

Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатының алғашқы кезеңінде жеңіске жеткен құрамалар белгілі болды. 

Еуропа чемпионатында алғашқы матчтарын өткізіп, жеңіске жеткен құрамалар анықталды.

А тобындағы Швецария құрамасы Венгрияға қарсы ойнап, 3:1 есебімен жеңіске жетсе, В тобындағы Испания мен 2020 жылғы Еуропа чемпиондары Италия да қарсыластарынан басым түсті. Испания Хорватия құрамасын 3:0 есебімен ұтса, Италия мен Албания арасындағы матчта 2:1 есебі тіркелді. С тобында Словения мен Дания құрамасы тең түссе, Англия Сербия құрамасының қақпасында бір-ақ гол соғып, әрең ұтты. Сондай-ақ D тобындағы Нидерланды құрамасы Польша футбол құрама командасын 2:1 есебімен ұтып, алғашқы жеңістеріне қол жеткізді. 

Айта кетейік, бұған дейін Еуро-2024 турнирінің ашылуында Германия Шотландия құрамасын ірі есеппен ұтты.