13 мам, 2019 сағат 19:08

Есжан Біртанов KASE директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды

Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Есжан Біртанов KASE директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қазақстан қор биржасының сайтына сілтеме жасап.

Мұндай шешімді Қазақстан қор биржасының (KASE) директорлар кеңесі қабылдады.

Сондай-ақ, KASE директорлар кеңесінің төрағасы болмаған жағдайда, оның міндетін атқарушы ретінде директорлар кеңесінің мүшесі - «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ тәуелсіз директоры, «Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы» ЗТБ кеңесінің мүшесі Қадыржан Дамитов тағайындалды.

Айта кетейік, биылғы жылдың 28 наурызында Мемлекет басшысының жарлығымен Есжан Біртанов Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі төрағасының орынбасары болып тағайындалған болатын.