25 қыр, 2020 сағат 14:20

Эстонияда Абай мен әл-Фарабиге арналған пошта маркалары жарыққа шықты

Эстонияда Абай мен әл-Фарабиге арналған пошта маркалары жарыққа шықты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.

«Қазақстанның Эстониядағы елшілігі қазақ ақыны және ағартушысы Абайдың 175 жылдығына және түркі философы Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған мерейтойлық пошта маркаларын шығаруға бастамашылық етті» делінген ведомствоның Telegram парақшасында. 

Эстонияның мемлекеттік почта операторы «Eesti Post» қазақстандық маркаларды алғаш рет басып шығарды. 

Марка дизайны ағылшын тілінде, ұлы ойшылдардың мерейтойымен үйлесімді стильде жасалған.