30 там, 2018 сағат 09:48

Ескек есушілер Азиаданың үшінші медалін олжалады

Индонезияда өтіп жатқан Азия ойындарында каноэде ескек есушілер Сергей мен Тимофей Емельяновтар бүгінгі күннің үшінші медалін қоржынға салды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Қазақстандық каноэшілер Өзбекстан командасын басып озып, екінші орынға табан тіреді. Алтын медаль - қытайлықтардың еншісінде.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, 30 тамыз күні таңғы сағат 07.30-да  Палембангте каноэ мен байдаркада ескек есуден финалдық жарыстар басталды. Төрт адам болып 500 метрге жарысуда Қазақстан командасы - «алтынға», жұп болып 1000 метрге ескек есуде «күміске» қол жеткізген болатын.

Осы уақытта Қазақстан жалпы есепте 11-орында орналасып отыр. Қоржындағы 54 медальдің 9 - алтын, 11 - күміс, 34 - қола. 

Бүгін қазақстандықтар спорттың 9 түрінен бақ сынайды.