Дурбан (ОАР) қаласында өткен бокс кешіндегі WBF желісі бойынша жеңіл салмақта құрлықтың чемпион атағы үшін жекпе-жекте оқыс жағдай болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі vRINGe.com сайтына сілтеме жасап.
Фаворит болған Симисо Бутхелези (4-1, 2 КО) отандасы Сифесихле Мнтунгваны (7-1-2, 4 КО) жеңіп жатқан. Шешуші оныншы раундта андердог рингтен шығып қала жаздады. Төреші нокдаун болмады деп есептеп, Мнтунгваға рингке көтерілуге көмектесті.
"Осы кезде ол фаворитпен түсініксіз жағдай болып жатқанын көрді - Бутхелези қарсыласымен емес, өз бетімен елестетіп алған адаммен жұдырықтаса бастады. Төреші бірден жекпе-жекті тоқтатты", - деп жазады басылым.