#
#
Бейсенбі 02/07/2020

Ертең елордада Мемлекеттік рәміздер күніне орай автошеру өтеді

  • 03.06.2020
  • 0
  • 294

4 маусым - Қазақстан Республикасының рәміздер күніне орай астанада автокөлік шеруі өтеді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Ертең таңғы сағат 9-дан бастап «Мемлекеттік рәміздер» және «Отан қорғаушылар» алаңында автокөліктер шеруі басталады. Шерудің соңғы нүктесі - Есіл өзенінің жағалауы.

Шараны ұйымдастырушы - Жастар саясаты мәселелері басқармасының «Астана жастары» мекемесі.

Биыл мемлекеттік рәміздерімізге 28 жыл толады. Осыған орай Нұр-Сұлтан қаласының жастар саясаты мәселелері басқармасының «Астана жастары» мекемесі 28 автомобиль мен 28 мотоциклистің қатысуымен салтанатты шеру өткізеді.

Мерекелік автошеру үш сатыдан тұрады.

Автоволонтерлердің бастапқы пункті – «Мемлекеттік рәміздер» алаңы, 28 шақырым қашықтық - мерекенің 28 жылдығын білдіреді.

Екінші кезеңде волонтерлер Жеңістің 75 жылдығына орай Отан қорғаушылар алаңында ардагерлеріміздің ерлігіне тағзым етіп, 75 гүл шоғын қояды.

Ал үшінші кезеңде автошеру қатысушылары Есіл өзенінің жағалауында мерекені жалғастырып, су көлігімен 28 шақырым серуендейді.

Автошеру 2017 жылдан бері жыл сайынғы дәстүрге айналды.

Шеруге қатысатын барлық волонтерлер қажетті қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етіледі.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар