Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Ермұхамет Қабиденұлы Ертісбаев Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, ТМД Жарғылық органдарының жанындағы Тұрақты Өкіл қызметін қоса атқарушы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ол Қазақстан Республикасының Грузиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатылды.