Ермек Сағымбаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы лауазымына қайта тағайындалды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Ермек Алдабергенұлы Сағымбаев Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы лауазымына тағайындалсын", - делінген Президент Жарлығында.
Айта кетейік, Сағымбаев Қазақ политехникалық институтын (1989 ж.) және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін (2007 ж.) бітірген.
1994-2006 жылдары – ұлттық қауіпсіздік органдарында офицерлік лауазымдағы қызметтерді атқарды;
2006-2019 жылдары – ҚР Президенті Күзет қызметінің офицерлік және басшылық лауазымдарында қызмет атқарды;
2019-2021 жылдары – Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – ҚР Президенті Күзет қызметінің бастығы;
2021-2022жж. - Мемлекеттік күзет қызметі бастығының міндетін атқарушы, бастығы;
2022 жылғы қаңтардан бастап – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы.
ІІ дәрежелі «Даңқ» орденімен, ведомстволық және мерейтойлық медальдармен наградталған. ҚР МҚК Құрметті қызметкері.
2020 жылы ҚР Президентінің Жарлығымен Мемлекеттік күзет қызметінің генерал-майоры атағы берілді.
2022 жылы ҚР Президентінің Жарлығымен ұлттық қауіпсіздік генерал-лейтенанты атағы берілді.