21 мау, 2024 сағат 11:13

Ерлан Қарин мемлекеттік және ведомстволық наградалардың бірыңғай жүйесін ретке келтіруді тапсырды

Сурет: Ақорда

Ерлан Қарин Мемлекеттік рәміздер мен ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградалар геральдикасы мәселелері жөніндегі республикалық комиссияның отырысын өткізді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қариннің төрағалығымен Мемлекеттік рәміздер мен ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградалар геральдикасы мәселелері жөніндегі республикалық комиссияның отырысы өтті.

Комиссия отырысында Мәдениет және ақпарат министрлігінің, сондай-ақ Ақтөбе облысы әкімінің есебі тыңдалды. Ерлан Қарин мемлекеттік рәміздерді қолдануға және пайдалануға қатысты бірқатар өзекті мәселелерді атап өтті. Сондай-ақ осы бағыттағы жұмысты жетілдіру бойынша нақты тапсырмалар берді.

Жиын барысында өңірлерде мемлекеттік рәміздерді пайдалану бағытындағы бақылауды күшейту және жұмыстың тиімділігін арттыру ұсынылды. Сонымен қатар бекітілген стандарттардың сақталуын қамтамасыз ету мақсатында уәкілетті органдарға мемлекеттік рәміздерді дайындайтын мекемелермен жұмыс атқару ұсынылды.

Отырыстың қорытындысы бойынша Ерлан Қарин мемлекеттік органдарға заңнамалық базаны жетілдіру, мемлекеттік және ведомстволық наградалардың бірыңғай жүйесін ретке келтіру үшін бірлескен жұмыстарды өзара үйлестіруді тапсырды.