28 мау, 2021 сағат 10:15

Еркін күрестен халықаралық турнир: Қазақстандықтар екі «қола» алды


Дағыстанның Каспийск қаласында еркін күрестен Али Алиевті еске алуға арналған халықаралық турнир аяқталды. Қазақстан еншісінде екі қола медаль бар, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің мәліметіне сәйкес, екі жүлдені де аса ауыр салмақтағы балуандар иеленді. 

Олег Болтин дағыстандық Магомед Магомедовті ұтса, Юсуп Батырмұрзаев Қабарды-Балқар өкілі Тамерлан Кумышовтен басым түсті. 

Айта кетейік, бір күн бұрын 74 келідегі Данияр Қайсанов турнирде бестікке енген болатын.