19 там, 2016 сағат 17:25

Еркін күрес: Өсербаев ширек финалға өтті

Жерлесіміз 1/8 финалда кубалық балуан Ливан Лопесті ұтты. жолықты. Алғаш үш минуттықта кубалық ұш ұпаймен алға шыққан еді. Ал екінші кезеңде Өсербаев белсенділік танытты. Басында төрт ұпай жинаса, кейіннен тағы да төрт ұпайға ие болды. Нәтижесінде 8:7 есебімен Ғалымжан жеңіске жетті.

Айта кетейік, қазақ балуаны осының алдында 1/16 финалда молдавалық Евгений Недялкомен кездесіп, мерзімінен бұрын таза жеңіске қол жеткізген болатын.

Ғалымжан келесі белдесуін 27 жасар жапон балуаны Сосукэ Такатаниге қарсы өткізетін болады.

Ұлт порталы