31 там, 2024 сағат 16:07

Еркін Ғаббасов Париждегі Паралимпия ойындарының финалына шықты


Фото: Telegram/Turizm_jane_sport_ministrligi

Париждегі Паралимпия ойындарында мергеніміз Еркін Ғаббасов финалына шықты, деп хабарлайды "Ұлт Ақпарат".

R1 классында винтовкамен 10 метрге пара нысана көздеуден сынға түскен Еркін Ғаббасов іріктеу кезеңінде 619.5 ұпай жинап, финалға жолдама алды.

Еске сала кетейік, бұған дейін волейболды отырып ойнаудан ұлттық құрама Париж-2024 Паралимпиада ойындарын жеңіспен бастаған болатын.