Фото: Akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған "Кулие" резиденциясында қарсы алды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Айта кетейік, кеше түнде Тоқаев ТМҰ-ның кезектен тыс саммитіне қатысу үшін Анкараға жұмыс сапарымен барды.
Сапар барысында Мемлекет басшысы Түркия Президентімен кездесу өткізеді деп жоспарланған.