Мемлекет басшысы Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады бүгін Ақорданың баспасөз қызметі.
Режеп Ердоған Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Республикасының Президенті лауазымына кірісуімен құттықтап, жауапты қызметіне табыс тіледі.
Әңгімелесу барысында екі ел басшылары Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан мен Түркия арасындағы қарым-қатынастарды қалыптастыру және ынтымақтастықты дамыту ісінде ерекше рөл атқарғанын атап өтті.
Тараптар бір-бірін Наурыз мейрамымен құттықтады.
Телефон арқылы сөйлесуге Түркия жағы бастамашы болды.