10 қаз, 2022 сағат 19:04

Ердоған Қазақстанға келеді: мемлекеттік сапардың мән-жайы айтылды

Фото: instagram.com/rterdogan

Сыртқы істер министрлігі өкілі Түркия президентінің Қазақстанға мемлекеттік сапары туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Түркия Республикасының президенті Режеп Тайып Ердоған 12-13 қазанда Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді.

"Сапар аясында 12 қазанда екі мемлекет басшыларының екіжақты кездесуі, сондай-ақ Қазақстан мен Түркия арасындағы жоғары деңгейдегі Стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің 4-отырысы өтеді.

Келіссөздер барысында өзекті өңірлік және халықаралық мәселелер бойынша пікір алмасып, тараптар екіжақты инвестициялық және сауда-экономикалық ынтымақтастықтың перспективаларын талқылайды", - делінген хабарламада.

Түркия Республикасының басшысы Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің VI саммитіне де қатысатыны айтылды.