Фото: Akorda.kz
Түркия тарапының бастамасы бойынша Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақордаға сілтеме жасап.
Түркия Президенті Абай облысындағы алапат өрт салдарынан адамдардың қаза табуына байланысты Қасым-Жомарт Тоқаевқа және бауырлас Қазақстан халқына көңіл айтты.
Әңгімелесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
Еске салайық, бүгін - Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні. Тиісті өкімге Тоқаев бір күн бұрын, 11 маусымда қол қойған болатын.