28 сәу, 2023 сағат 12:22

Ердоған ауру туралы хабарлардан кейін үгіт-насихат шараларын тоқтатты

Фото: gov.tr

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған сырқаттанғаны туралы хабардан кейін барлық қоғамдық шараны тоқтатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты Deutsche Welle басылымына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, Ердоған 26 және 27 сәуірдегі күнтізбесіне асқазан ауруымен ауырғаннан кейін өзгерістер енгізген. Түркия басшысы Twitter парақшасында үйде демалатынын хабарлады.

"Бүгін дәрігердің кеңесімен үйде демаламын. Өкінішке орай, бүгін Қырыққале, Йозгат және Сивастағы тұрғындармен кездесе алмаймыз. Ертеңнен бастап іс-шараларымызды жалғастырамыз", - деп жазды ол.