Фото: ашық дереккөз
Сот үкімімен Ерболат Жанабылов 2 жылға шартты түрде сотталып, мүлкі тәркіленді. Ал Эльмира Төлегеноваға 2 жылға бас бостандығынан айыру туралы жазасы тағайындалып, өтеу мерзімі 2 жылға шегерілді.
Сотта тараптар процессуалдық келісімге келгені ескерілді. Айыпталушылар курстарды сатудан түскен 247 млн теңгені толық өтеген. Бұған дейін прокурор оларға 4 жыл жаза сұраған еді.
Тергеу дерегінше, блогерлер жүлделерді өздері қаржыландырғандай көрсетіп, іс жүзінде қаражатты қатысушылардан жинаған.
