19 қаң, 2021 сағат 08:00

Ералы Тоғжанов әр айда қанша адамға вакцина салынатынын айтты

2021 жылдың соңына дейін 4 миллионға жуық қазақастандық коронавирусқа қарсы вакцинация алады. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«1 ақпанға дейін медицина ұйымдарының вакцинация кезеңіне дайындығын қатаң бақылауға алуды сұраймыз. Оның ішінде вакцинацияны болжау деңгейі 1-жартыжылдықта 2 млн-ға дейін адамды жоспарлаймыз. Екінші жартыжылдықта 3-тен 4 млн адамға дейін жоспарға енгізіп отырмыз. Оның ішінде ақпан айында - 100 мың, наурызда - 150 мың, сәуірде - 600 мың, мамырда - 600 мың, тамызда - 600 мың адам. Сонымен қатар жылдың соңына, тамыздан желтоқсанға дейін 600 мың адам вакцинация алатындығы күтіледі», - деді ол. 

Үкімет басшысының орынбасары бұл деректер жұмыс барысында нақтылана түсетіндігін ескертіп өтті. 

«Сондықтан мұны бірге қарастырамыз. Жалпы, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдерінен коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі өңірлік штаб жұмысын күшейту сұралады. Оның ішінде «қызыл» аймақтағы өңірлерде эпидемиологиялық жағдай штаб отырыстарында күн сайын қаралуы тиіс», - деді Ералы Тоғжанов.