22 ақп, 2021 сағат 06:47

Эпидемиологиялық ахуал: Бес өңір «сары» аймақта

Денсаулық сақтау министрлігі 21 ақпандағы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

22 ақпандағы матрицаға сәйкес, Қазақстанның бес өңірі «сары» аймақта - Нұр-Сұлтан қаласы, Павлодар, Ақмола, Қостанай, Батыс Қазақстан облыстары. 

Қалған өңірлердің бәрі - «жасыл» аймақта. Жалпы Қазақстан коронавирустың таралу қаупі жағынан «жасыл» аймақта тұр.