14 мау, 2024 сағат 12:36

Енді заң жобасы қазақ тілінде дайындала ма? Ермұрат Бапи жауап берді


Енді заң жобасы қазақ тілінде дайындалады. Бұл туралы мәжіліс депутат Ермұрат Бапи журналистердің сұрағына жауап беру кезінде айтты, деп хабарлайды "Ұлт Ақпарат".

"Иә, биыл басталады. Ол тек қазақ тілінде ғана емес, табиғаты, қасиет-қадірінің барлығы қазақ тілінде болады. Өзіміздің қанымызға, жақын болады",-деді Ермұрат Бәпи.


Журналистер Ермұра Бәпидан кей депуттардың баяндамалары түсініксіз, қате аударатынын айтып еді:

"Бұл жөнінде жұмысшы тобында заң жобасының ішінде жекелеген мәтіндік мәселелер ғана емес, заң жобасының тақырыбына да қатты маңыз беремін. Өзімнің сын-пікірлерімді айтамын. Қателектерді түзеу жөнінде талап қоямын. Соңғы 1-2 заң жобасы менің талабыммен атаулары өзгерді. Ең бастысы заң жобасының атауы халыққа түсінікті болу керек. Халық өзі заңнан ештеңе түсінбесе, заң жобасынан ештеңе түсінбей отыру деген болмайды,-деп жауап берді депутат Бапи.