17 сәу, 2025 сағат 12:40

Енді пойыз кешіксе, билет бағасы толық қайтарылады

Фото: Qaz365.kz

Енді пойыз 1 сағаттан артық кешіксе, билеттегі орын бос болмаса, жол ақысы комиссиясыз толық қайтарылады. Көлік министрлігінің тасымалдау қағидаларына өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Ult.kz.

Сонымен қатар теміржол билеттері пойыз жүргеннен бұрын 10 минутқа дейін ғана сатылады. Бұрын бұл талап 1 тәулік болатын. 

Балалармен сапарлайтын ата-аналарға да құлақ қағыс: бұдан бұлай 7 жасқа дейінгі балаға билет алу міндетті емес. Ал орын қажет болса, билетті жеңілдікпен алуға болады.