26 нау, 2025 сағат 13:06

Енді Ozon-да киімді киіп-өлшеп көргеннен кейін ғана төлем жасауға болады


Фото: Shutterstock

Ozon қазақстандық сатып алушылар үшін кейінгі төлем қызметін іске қосты. Ол "Fashion" санатындағы тауарлардың көпшілігін Ozon тапсырыс беру пункттерінде киіп-өлшеп көргеннен кейін төлей алады деген сөз. Бұл туралы Ult.kz хабарлайды. 

"Жаңа қызмет клиенттердің тәжірибесін едәуір жақсартып, тапсырыстардың артуына әкеледі", -делінген хабарламада.

Кейінгі төлем қызметі Қазақстан тұрғындарына қолжетімді және тауарларды Ozon пункттерінен тапсырыс беру кезінде қолданылады.
Жаңа қызмет киім, аяқ киім және кейбір керек-жарақтарды: бас киім, қолғап, белдік, галстук, әйел сөмкелері, ерлерге арналған барсеткалар және басқа да тауарларды қоса алғанда, Fashion санатының 80%-на дейін қамтитын арнайы "Алғаннан кейін төлеу" белгісі бар тауарларға жүреді. Жалпы, бұл қызмет 15 миллионнан астам тауарға қолданылады.
Кейінгі төлем қызметін пайдалану үшін, Республика тұрғындары тапсырыс беру кезінде "Алғаннан кейін төлеу" әдісін таңдап, банк картасын көрсетуі қажет: қаражат Ozon пунктінде тауарды сатып алу расталғаннан кейін ғана есептен шығарылады. Тапсырыста кейінгі төлем санатындағы тауарлармен бірге басқа да тауарлар болған жағдайда, олар бөлек төленеді: алдын ала төлем жүйесі бар тауарлардың құны бірден есептен шығарылады, ал кейінгі төлем қызметі тапсырысты алғаннан кейін жүзеге асады. 
Алғаннан кейін төлеуге болатын тауарлардың жалпы құны сатып алушының маркетплейспен өзара әрекеттесу тарихына байланысты. Кейінгі төлем қызметінің базалық лимиті 100 000 теңгені құрайды және сатып алынған әрбір тапсырыспен ұлғайып отырады.