01 мау, 2023 сағат 13:22

Енді мемлекеттік күзет қызметі Назарбаевтың қауіпсіздігіне жауапты болмауы мүмкін

Фото: Getty Images

Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкерлері үшін күзетілетін адамдар тізбесін өзгертетін Президент Жарлығы жобасы жария талқылауға шығарылды.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі - Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету күштеріне жататын, Президентке тікелей бағынатын және есеп беретін арнаулы мемлекеттік орган.

Ереженің қолданыстағы редакциясында МКҚ заңнамада белгіленген құзырет шегінде Президенттің, Тұңғыш Президент - Елбасының, басқа да қорғалатын адамдар мен нысандар қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі күзет іс-шараларын жүзеге асырады деп жазылған.

МКҚ жаңа редакциясында "Заңда белгіленген құзырет шегінде Қазақстан Республикасы Президентінің, басқа да қорғалатын адамдар мен нысандар қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі қауіпсіздік шараларын жүзеге асыратын" орган ретінде жазылған.

Жобаны қоғамдық талқылау 14 маусымға дейін жалғасады.