09 қаз, 2018 сағат 14:11

Ең төменгі жалақы кезең-кезеңімен көтеріледі – Сүлейменов

Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов Президенттің «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасы талқыланған Үкімет отырысында ең төменгі жалақы кезең-кезеңмен көтерілетінін айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Ол жалпыұлттық жоспарды алдағы кезеңге арналған мемлекеттік дамудың алты түйіні бойынша 100 іс-шара көзделгенін атап өтті.

«Халық табысының өсуі атты бірінші міндет шеңберінде 24 іс-шара көзделіп отыр. Олар жалақының өсуі және жаңа жұмыс орындарының ашылуы есебінен қазақстандықтардың табысын арттыруға бағытталады. Атап айтқанда, 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы мөлшері кезең-кезеңімен көтеріледі. Бюджет саласының жұмыскерлерінің жекелеген санаттарының жалақысы ұлғайтылады. Табиғи монополиялар тұрғын үй коммуналдық шаруашылық саласындағы заңнама жетілдіретін болады. «Бизнестің Жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасы жыл сайын кемінде 30 млрд теңгемен қоса қаржыландыра отырып, 2025 жылға дейін ұзартылады», - деді Ұлттық экономика министрі.