Бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов инфекциялық стационардан шықты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Елжан Амантайұлы жағдайының жақсаруына байланысты инфекциялық стационардан шығарылды. Қазір амбулаториялық емін жалғастыруда», - деді ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният.
Еске сала кетсек, бұған дейін Мемлекет басшысының Жарлығымен Елжан Біртанов Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі қызметінен босатылып, оның орнына Алексей Цой тағайындалған еді.