«102» каналына Ғабдуллин көшесіндегі үй тұрғыны хабарласып, белгісіз адамның үй кіреберісінің алтыншы қабатынан төрт сурет ұрлағанын жеткізді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Тұрғындардың айтуынша, суреттер ұзақ уақыт бойы үйдің сәнін келтіріп, тұрғындар мен қонақтардың көз қуанышы болған.
Нұр-Сұлтан қаласы ПД «Байқоңыр» ауданы полиция басқармасы криминалды полиция қызметкерлері жүргізген шаралар барысында 33 жастағы елорда тұрғыны ұсталды. Күдікті бұдан бұрын да ұрлық жасағаны үшін бірнеше рет сотталған болып шықты.
Күндіз танысына қонаққа келген ер адамның қабырғада ілініп тұрған суреттерді көргенде оған деген қызығушылығы оянған. Ол суреттерді алып, жасырынады. Жолда суреттің бірін кетіп бара жатқан адамға сатып та үлгерген.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктінің қала аумағындағы басқа ұқсас қылмыстарға қатысы анықталып жатыр.