24 ақп, 2022 сағат 12:33

Елордадағы айырбастау пункттері доллар мен еуро сатуды тоқтатты


Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау пункттері доллар мен еуро сатуды тоқтатты, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Сағат 12.00-дегі жағдай бойынша Kurs.kz сайты ұсынған 40 айырбастау пунктінің тек алтауы доллар, бесеуі еуро сатып жатыр.

Ал, Алматыдағы ақша айырбастау пункттері валюта сатуды жалғастырып жатыр. Дәл қазіргі сәтте доллардың сатылымы - 470 теңге, еуро - 528 теңге.