03 там, 2021 сағат 12:43

Елордада жыл басынан бері 25 бала терезеден құлап кеткен


Елордада жыл басынан бері 25 бала терезеден құлап кеткен, оның үшеуі мерт болған, деп хабарлайды  "Ұлт ақпарат" Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Биылғы жылдың 2 тамызында сағат 20:37 кезінде полиция бөлімшесіне Иманбаева көшесінде орналасқан үйдің 8-қабатының терезесінен 4 жасар баланың құлап кеткені туралы хабар келіп түскен. 

Пәтерде баланың ата-анасы да болғаны анықталды. Терезенің алдында ойнап отырған бала москит торына сүйеніп құлап кеткен . 

Әкесі қайғылы жағдайды кеш көріп, ештеңе істей алмаған. Бала алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. 

Полиция департаменті ата -аналармен үнемі профилактикалық жұмыстар жүргізеді және қауіпсіздік шаралары туралы ескертеді. 

Балалардың терезеден құлауына байланысты болатын жазатайым оқиғалар әсіресе жазда көбейеді.